Республикалық маңызы бар жолдарда жарықты шағылыстыратын экрандар орнатылды

21 Мамыр 2024, 08:00
272
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар жолдарда жарықты шағылыстыратын экрандар орнатылды
Фото: Көлік министрлігі

Республикалық маңызы бар күре жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін арнайы жарықты шағылыстыратын экрандар орнатылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін республикалық маңызы бар Балқаш-Бұрылбайтал жолының бірқатар учаскесінде жарықты шағылыстыратын пластиналар орнатылды. Арнайы қондырғы Балқаш қаласынан Алматы қаласына қарай (Қарағанды облысы, 91 шақырым, алғашқы 2 лот), сондай-ақ Мыңарал ауылының бұрылысынан Үлкен ауылына бұрылатын жерге дейін (Жамбыл облысы) орнатылды.

Қондырғының басты артықшылығы — қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктердің шамдары жүргізушілерге кедергі келтірмейді. Бұл әсіресе түнгі уақытта қауіпсіз әрі ыңғайлы. Қондырғы көпжолақты жолдарға ғана орнатылады, - делінген хабарламада.

Былтыр дәл осындай қондырғылар М-32 "Самара-Шымкент" және А-2 "Алматы-Ташкент-Термез" автожолдарының бірқатар учаскесінде, сондай-ақ Күйік және Қордай асуларында орнатылды.

Өзгелердің жаңалығы