Республикалық маңызы бар жолдар ашылды

19 Қараша 2023, 15:18
464
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар жолдар ашылды

Республикалық маңызы бар жолдар барлық бағыт бойынша ашық, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

Өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын себілген

Еске сала кетейік, ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабылған болатын. Қазіргі таңда тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз себу үшін 220 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды.

Қостанай облысында жол мамандары 30 жүк көлігінің және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.

Өзгелердің жаңалығы