Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жағдай қандай

8 Сәуір 2024, 12:31
221
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жағдай қандай
Фото: скрин

ҚазАвтожол республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 сәуірдегі сағат 12:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3130 метр болатын су тасқыны болды.

6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 673 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 305 техника мен 357 адам жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы