Республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолына шектеу қойылды

5 Сәуір 2024, 09:36
327
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолына шектеу қойылды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Қазавтожол республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 5 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны болды, - делінген хабарламада.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 398 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 техника мен 312 адам жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы