Республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында шектеу қойылды

9 Сәуір 2024, 18:33
283
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында шектеу қойылды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Бұл туралы Орталық комуникациялар алаңында өткен брифинг барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылғы 9 сәуірдегі сағат жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3,4 км болатын су тасқыны орын алды.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 650 км) көліктің барлық түріне бірқатар жолдарда шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 706 техника мен 1680 адам су тасқынын алдын алу бойынша жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» ҰК Атырау облысында орын алған төтенше жағдайдың алдын алу үшін 117 арнайы техниканы жұмылдырды. Қосымша тағы 66 бірлік техниканы жіберу жоспарлануда. 2-9 сәуір аралығында Ақмола облысының бірқатар елді мекендеріне 22 бірлік арнайы техниканы жұмылдырып, еріген қар суын алдын алу үшін тиісті шаралар атқарылды, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Өзгелердің жаңалығы