Республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолында шектеу қойылды

18 Сәуір 2024, 14:17
204
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолында шектеу қойылды
Фото: видеодан кадр

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6725 метр болатын су тасқыны орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолында (ұзындығы 720 км) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл учаскелерді айналып өту үшін альтернативті бағыттар ұсынылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 794 бірлік техника мен 1945 адам су тасқынын алдын алу бойынша жұмыс атқаруда, - деді «КазАвтоЖол» ҰК баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы