10 күнде 122,5 мың жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

22 Қараша 2021, 12:43
1189
Бөлісу:
10 күнде 122,5 мың жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ведомствоның ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады.

Оның айтуынша, өткен аптаның соңында ІІМ өткізетін «Қауіпсіз жол»профилактикалық іс-шарасы аяқталды.

10 күн ішінде жол қозғалысын қадағалау кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 122,5 мың жағдайы тіркелді. Оның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 953 дерегі, жүргізуші куәлігі жоқ 2 643 жүргізуші анықталды. Полиция жылдамдықты асырғаны үшін 7 807, қарсы жолаққа шыққаны үшін - 398, апатты жағдай туғызғаны үшін - 1 647 және бағдаршамның тыйым салатын сигналына жүріп өткені үшін - 2 145 адамды жауапқа тартты, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.

Сондай-ақ 6 908 жүргізуші көлікті техникалық тексерусіз басқарған.

91 автомобильде жалған нөмірлер анықталды. Жол ережесін бұзған 21 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Қоғамдық жолаушылар көлігі жүргізушілері жіберген 1464 бұзушылық, оның ішінде 1567 заңсыз қайта жабдықтау дерегі және 198 көліктің рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпегені анықталды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Автожолдардың 10,5 мың шақырымнан астам апаттық-қауіпті учаскелері тексеріліп, 1306 жол белгілері қойылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс жасалғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы