Республика бойынша дауыс беру көрсеткіші жарияланды

20 Қараша 2022, 10:23
1490
Бөлісу:
Республика бойынша дауыс беру көрсеткіші жарияланды

Орталық сайлау комиссиясының брифингінде орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов дауыс беру көрсеткіші туралы соңғы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық  сайлау комиссиясының 10.00-дегі брифингі барысында дауыс берудің соңғы мәліметтері туралы орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 10.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 23,37 % бюллетень алды,- деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ, республиканың барлық өңірлері бойынша сайлау учаскелеріне келіпғ дауыс берген азаматтардың үлесіне де тоқталды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Абай облысы бойынша – 25,64 %, Ақмола облысы бойынша – 21,21 %, Ақтөбе облысы бойынша – 26,66 %, Алматы облысы бойынша – 20,12 %,  Атырау облысы бойынша – 25,03 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 20,86 %,Жамбыл облысы бойынша – 23,27 %,    Жетісу облысы бойынша – 25,58 %,  Қарағанды облысы бойынша – 32,27 %, Қостанай облысы бойынша – 26,97 %,  Қызылорда облысы бойынша – 29,41 %,  Маңғыстау облысы бойынша – 25,20 %,Павлодар облысы бойынша – 27,90 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 27,33 %,Түркістан облысы бойынша – 27,03 %,Ұлытау облысы бойынша 27,81 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 23,17 %, Астана қаласы бойынша – 13,73 %, Алматы қаласы бойынша – 8,42 %, Шымкент қаласы бойынша – 30,92 % құрады,-деді ол.

Айта кетейік, орталық сайлау комиссиясы араға 2 уақыт салып әр өңірдегі сайлау учаскелеріндегі дауыс беру көрсеткішін осылай мәлімдеп отырады.

Өзгелердің жаңалығы