Сауалнама: Респонденттердің 54,4%-ы сыбайлас жемқорлық саны азайды деп есептейді

22 Желтоқсан 2019, 09:50
3267
Бөлісу:
Сауалнама: Респонденттердің 54,4%-ы сыбайлас жемқорлық саны азайды деп есептейді
Серіктестік материал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік сауалнама: респонденттердің 54,4%-ы сыбайлас жемқорлық саны азайды деп есептейді. 

Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры елімізде алғаш рет "Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін бақылау" зерттеуін өткізді. 

Әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 54,4%-ы тұрғылықты жерлерінде соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық саны азайды деп жауап берген. 

Бұл туралы "Қазақ радиосына" берген эксклюзивті сұхбатында қордың атқарушы директоры Ольга Шиян айтты. 

Ольга Шиянның сөзінше, республика бойынша 9000 мың адаммен сұхбат-сауалнама жүргізілген, оның 2000 мыңы кәсіпкер. 

Зерттеу әдіснамасын әзірлеу кезінде әлемдік сыбайлас жемқорлықтың барометрі мен оны қабылдау индексі зерттеу тәсілдері ретінде негізге алынды. Сауалнама нәтижелері бойынша Жамбыл, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында жемқорлық фактілері жиі кездесетіні анықталды. Респонденттердің пікірінше, сыбайлас жемқорлық оқиғаларының 60% -ы азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында орын алады. Олар мемлекеттік емханалар мен ауруханалар, полиция, жер қатынастары бөлімдері, мемлекеттік балабақшалар, мемлекеттік университеттер, - дейді қордың атқарушы директоры. 
Айта кету керек, Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры сыбайлас жемқорлықпен күресетін үкіметік емес ұйымдардың бірі. Ол Transparency International халықаралық ұйымының жергіліктікті өкілдігі болып саналады. 
Өзгелердің жаңалығы