Ресейлік бақылаушылар Алматыдағы референдум учаскелеріндегі жұмысты жоғары бағалады

5 Маусым 2022, 14:12
1456
Бөлісу:
Ресейлік бақылаушылар Алматыдағы референдум учаскелеріндегі жұмысты жоғары бағалады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кез келген елдің Конституциясының дамуындағы заңдар халықпен бірге жазылуы керек. 

Ресей Федерациясынан келген байқаушылар Алматыдағы референдум барысы жайлы  өз пікірлерін білдірді.

Ленинград облысы сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Лебединскийдің айтуынша, референдумда дауыс беруге арналған учаскелер жақсы дайындалған. Айта кетсек, халықаралық бақылаушылар тобы референдумның 11 учаскесін тексеріп үлгерді. Олардың дайындығы заңнамаға сәйкес жақсы деңгейде.

Біз мұнда ТМД және Ленинград облысының миссиясын ұсынамыз. Референдум учаскелерінде Қырғызстаннан келген әріптестерімізбен кездесіп үлгердік. Екі күн ішінде біз референдумға дайындықтың қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылап, бірнеше учаскеге, оның ішінде Қазақстанның қазіргі президенті бітірген мектепке, Ұлттық кітапханаға және Қазақ ұлттық аграрлық университетіне барып үлгердік. Барлығы техникалық, стендтер мен сайлау құжаттары дайын болды. Сіздер белсенді дайындалдыңыздар деп ойлаймын, - деді Михаил Лебединский.

Брифинг барысында спикер Аграрлық университетте болған қызықты оқиға туралы айтып берді, онда референдумға дейін 50 жыл бұрын университетті бітірген түлектердің кездесуі өтті. Олардың үшеуі маңызды іс-шара үшін  Алматыға Жамбыл облысынан келген

Алматыда есептен шығару талондары бойынша дауыс беру жақсы ұйымдастырылған. Бүгін №34 мектептегі сайлау учаскесінде кездескен осы түлектердің мысалында біз бұған көз жеткіздік, - деп толықтырды Лебединский.

Жергілікті сайлаушыларға қатысты қызықты оқиғалардың қатарында сайлау учаскесінде өзі дауыс беруге ниет білдірген 93 жастағы қарт тұрғынның оқиғасы бар.

Бір күн бұрын оның ұлы аумақтық учаскеге анасының бекітілгеніне көз жеткізу үшін келген. Әйел жасы ұлғайғанына қарамастан, үйде егде адамдардың дауыс беруге мүмкіндігі бар болса да, келіп дауыс беруді тіледі.  Алматыдағы референдумның барлық учаскелерінде жақсы көңіл-күй барын атап өткім келеді, барлығы тыныш және ұйымшыл, - деп жалғастырды Лебединский.

Сонымен қатар, ол алматылықтармен кездескенде тұрғындар елінің Негізгі заңына қандай өзгерістер енгізілгенін білетінін байқағанын, яғни ақпараттандыру жақсы деңгейде өткенін атап өтті.

Бес сағат ішінде 23 мыңға жуық қала тұрғыны дауыс берді, бұл жақсы көрсеткіш. Біз бөлініп, сайлау учаскелеріне бардық, қала тұрғындары таңғы сегіз жарымдарға қарай белсенді түрде келе бастады. №25 мектептегі сайлау учаскесін атап өткім келеді. Сондай-ақ, біз болған барлық учаскелерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық жағдай жасалған, - деді Лебединский.

Ленинград облысының жергілікті өзін-өзі басқару, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар комитетінің төрағасы Лира Бурак барлық учаскелерде қолайлы жағдай жасалғанын, оң көзқарас тудыратынын  музыка ойнап, көшпелі сауда өрістетілгенін айтып өтті.

Бүгін сіз өз еліңіздің болашағын таңдайсыз. Бұл алдағы уақыттардың өзіндік резерві болмақ. Ұйымдастыру тұрғысынан бәрі жоғары деңгейде. Біз ешқандай бұзушылықтарды анықтаған жоқпыз. Азаматтардың белсенділігі жоғары. Отбасыларымен, балаларымен бірге келуде. Нәтижелер бізді де, сізді де қуантады деп ойлаймын, - деп қорытындылады Л.Бурак.
 

Өзгелердің жаңалығы