Ресейді айналып өтетін жаңа мұнай дәлізінің әлеуеті қандай?

11 Сәуір 2023, 19:02
1160
Бөлісу:
Ресейді айналып өтетін жаңа мұнай дәлізінің әлеуеті қандай?
Фото: BAQ.KZ

Кеше Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті қабылдап, шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөзде 6 құжатқа қол қойылды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Әзербайжан экспорттық-импорттық тауарлар тізілімін одан әрі кеңейту үшін пәрменді іс-шаралар қабылдауға келіскенін атап өтті.

Оның ішінде көпті алаңдатқан мәселе – Қазақстанның мұнай жолы. Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз) – 6500 шақырымға жететін автокөлік, теміржол және порт жүйесі. Бұл Еуропаға мұнай тасымалдаудың бірден бір жолы. Президент бұл дәлізді дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған Жол картасын тиімді жүзеге асырудың маңызы зоре екенін айтып, ендігі мақсат ондағы мұнай тасымалының көлемін ұлғайту екенін айтты.

Ақорда
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі 

Сарапшы Риззат Елубаевтың пікірінше, Ресей-Украина қақтығыстың әсерінен өзгерген сауда жүйесіне еліміз дайын болмаған.

Еліміз 30 жыл бойы Солтүстік экономикалық бағытқа шикізат тасымалдауға басымдық беріп келді. Соңғы кездердегі геосаяси өзгерістерге Қазақстан тарапы дайын болмай шықты. Бүгінгі таңда екі мемлекет альтернативті дәліздер мен маршурттарды дамытуға күш салып жатыр. Оның ішінде Каспий теңізінің мүмкіндігін толыққанды пайдалануды көздеуде. Екі елдің басшылары экономикалық байланысты 1 млрд долларға дейін еселеуді көздеп отыр, - деді саясаттанушы.

Қазақстан тарапы қаншалықты дайын?

Мәселен, бүгінгі таңда Ақтаудағы Құрық портында жүкті қабылдап алу мен оны тиеуде бірқатар қиындық бар. Өйткені осыған дейін Үкімет бұл бағытты қарастырмаған. Салдарынан енді қысқа уақыт ішінде бұл жерлерді екі есе қарқынмен дамыту керек.

Ресей тарапы бұл келісімдерді жіті бақылап отыр. Өйткені олар экономикалық тұрғыдан пайдадан қағылуда. Екіншіден, Ресей арқылы шығатын мұнай құбыры Қазақстанға белгілі бір дәрежеде әсер ете алатын еді. Енді одан да қол үзе бастады. Бірақ көршіміздің экономикалық басымдығынан бірден құтыла қоймаймыз. Өйткені Каспий мен Оңтүстік бағытта дәліздер мен жолдарды салуға біраз уақыт кетеді.

Ресейді айналып өтетін жаңа мұнай дәлізінің әлеуеті қандай?
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Келіссөзде қандай мәселелер көтерілді?

Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының директоры, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиеваның айтуынша, соңғы кезде Қазақстан мен Әзербайжанның байланысы нығайа түсті.

Мұны былтырғы және осы жылы өтіп жатқан дипломатиялық кездесулерден аңғаруға болады. Меніңше, екі басшысының сапары барысында нақты шешімдерге келді. Жалпы, Қазақстан мен Әзербайжан арасында қандай бір мәселеде қарама -қайшылық жоқ. Бұрын да болмаған. Мұндай байланыс алдағы уақытта да жалғасатын сияқты. Өйткені екі елдің де ортақ құныдылығы бар ол - мұнай, - деді сарапшы.

Саясаттанушының сөзінше, қазіргі таңда Батыс Әзербайжанды мұнай тасымалдайтын көздің бірі ретінде қарауда.

Әрине, Еуропалық Одақтың бір ғана нүктеден мұнай жеткізбейтіні түсінікті. Олар бірнеше елді қарастырып отыр. Бүгінгі таңда Батыстың мұнай нүктелеріне өзгеріс жасап, нақтылап жатқанын байқаймыз. Бұл тарапта Әзербайжанның сол таңдаудың ішіне кіреді.

Мәскеудің көзқарасы

Жалпы, мұнай сатуда Қазақстанда бұл саудадан тысқары қалмаса дейміз. Себебі, біз солтүстік көршімізге қатты тәуелдіміз. Өздеріңізге мәлім, бюджеттің негізгі көзі есептелетін мұнайымыздың өзі Ресей арқылы өтеді. Ал ресейлік тарап Батыс елдерінен өзін алшақ ұстап, өз газын Оңтүстік, Таяу шығысқа экспорттауға бағыттап жатыр. Меніңше, Қазақстан бұл жолды таңдауға ниетті емес. Бұл саяси мәселеде еліміз Еуропалықодақпен қарым-қатынас орнатып, мұнай жеткізу жолдарын қарастырады.

Ильхам Әлиев «Қазақстан мен Әзербайжанның ешқандай елге тәуелді емес және өз тағдыры мен келешегін өзі құратын мемлекет» ретінде атады. Президент осы сөзі арқылы нені меңзеді?

Екі елдің бастауы Ресеймен қарым-қатынасына қандай да кедергі болады деп ойламаймын. Келешекте Ресейге ашық мәлімдеме жасамайды. Қазақстан мен Әзербайжан ешқандай қарсылыққа ұшырамайтын тиімді жолдарды қарастырады.

Ресейді айналып өтетін жаңа мұнай дәлізінің әлеуеті қандай?
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы