Ресейде өрт салдарынан жеті адамнан тұратын отбасы қаза тапты

Өрттен төрт бала қаза тапқан, өртке электр қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болуы мүмкін.

 Report Бүгiн 2026, 14:15
Бүгiн 2026, 14:15
168
Фото: Report

Ресей Федерациясының Ханты-Мансий автономиялық округінде жекеменшік үйде шыққан өрт салдарынан жеті адам, оның ішінде төрт бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға түнде Мегион қаласындағы Высокий кентінде болған.

Югра губернаторы Руслан Кухаруктың айтуынша, өрттен бір отбасының жеті мүшесі қаза тапқан.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған.

Наверх