Ресейде мұнай зауытында өрт шықты

7 Ақпан 2023, 18:02
853
Бөлісу:
Ресейде мұнай зауытында өрт шықты

Ресейдің Кстово округінде мұнай зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, жанармай қондырғысы жанып кеткен. Қазір тілсіз жаудың негізгі ошақтары ауыздықталды. Бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеді. Өрт қауіптілігі жағынан, үшінші деңгейге жеткен. 

Лапылдаған оттың шығуына, құрыл-ғыдағы ауа қысымының төмендеуі себеп. Дегенмен, жарылыс қаупі жоқ. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы