Ресейде іздестіріліп жатқан 12 қылмыскер СҚО-дан табылды

11 Шілде 2021, 07:37
2801
Бөлісу:
Ресейде іздестіріліп жатқан 12 қылмыскер СҚО-дан табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РФ-ның шекаралас өңірлерінің полицейлері іздеп жатқан 12 қылмыскер СҚО-да анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері шекаралас ынтымақтастық шеңберінде қылмыскерлерді іздеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Жыл басынан өңір аумағында РФ-ның шекаралас өңірлерінің полицейлері іздеп жатқан 12 қылмыскер анықталып, ұсталды. Олардың көбісі Омбы облысында қылмыстар жасағаны үшін іздеуде болған. Солтүстікқазақстандық полицейлер анықтаған үш қылмыскерге Калининград, Челябі, Владимир облыстарында іздеу жарияланған. 

Ресейлік жедел уәкілдер іздестірген екі солтүстікқазақстандық заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп күдікке ілінген. Петропавл қаласында анықталған 42 жастағы ер адам шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ресейлік құқық қорғау органдары қызметкерлерінің назарына іліккен. Ал 26 жастағы солтүстікқазақстандық есірткі қылмыстарын жасағаны үшін Омбы облысының жедел уәкілдерімен іздестіріліпті. 

СҚО аумағында анықталған адамдар ауыр дене жарақаттарын келтіру, билік өкіліне қатысты күш қолдану, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, өлтіремін деп қорқыту жасағандары үшін іздестірілген. Мұндай қолсұғушылықтар Омбы және Түмен облыстарында жасалған. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктілерді анықтап, заңнамамен қарастырылған рәсімдерді жүргізді. Кейін қажетті мәліметтер ресейлік әріптестерге жіберілді. 

Шекаралас өңірлердің Ішкі істер министрлігі басқармаларымен бірлесіп жұмыс жүргізу жедел сұрақтарды шешуге көмектеседі. Басты міндет – жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету, – деп атап өтті СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Өзгелердің жаңалығы