Ресейде бір күнде 16 710 адам Covid-ке шалдыққан

25 Қазан 2020, 20:37
1500
Бөлісу:
Ресейде бір күнде 16 710 адам Covid-ке шалдыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде өткен тәулікте 16 710 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Тәулік ішінде 229 адам коронавирустан айыға алмай қайтыс болған. Бұл туралы елдегі жедел штабтың мәліметіне сілтеме жасай отырып Interfax агенттігі хабарлады.

Тәулік дерегі бойынша өзге аймақтардан бірнеше есе озып тұрған Мәскеуде 4455 науқас, 68 Covid өлімі тіркелген. Одан кейінгі орындарда Санкт-Петербург (709) және Мәскеу облысы (491).

Тәулік рекорды 23 қазан күні жаңарды. Сол күні елде 17 340 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

Елде індет басталғалы барлығы 1 513 877 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның ішінде 1 138 522 науқас айыққан, 26 050 адам қаза тапқан.

Роспотребнадзор қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 550 мың Covid тесті тапсырылған. Осымен тапсырылған тест саны 57,3 миллионға жеткен.

Ресей әлем бойынша коронавирустан ең қатты зардап шеккендер елдердің бірі саналады. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, Қазақстанның солтүстіктегі көршісі коронавирус жұқтырғандар бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия елдерінен кейін төртінші орында.

Бірінші орында тұрған АҚШ-та 8,5 миллион, Үндістанда 7,8 миллион және Бразилияда 5,3 миллион науқас тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы