Ресейде 336 жолаушысы бар пойыз жүк көлігімен соқтығысты

2 Қазан 2021, 13:21
11573
Бөлісу:
Ресейде 336 жолаушысы бар пойыз жүк көлігімен соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Пенза облысы Лунин ауданындағы өткелде ішінде 336 жолаушысы бар пойыз жүк көлігімен соқтығысты. 

Салдарынан локомотив пен үш вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы РИА Новости шұғыл қызмет өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оқыс оқиға сенбі күні Гольцовка стансасының маңында сағат 5:40 шамасында болған.

Дабыл жүйесімен жабдықталған теміржол өткелінде №116 жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып қалды. Пойызда 336 жолаушы, оның ішінде 34 бала болды. Салдарынан локомотив, үш вагон рельстен шығып кетті. Теміржол рельстері майысып қалды, - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.


Өзгелердің жаңалығы