Ресей Токиода өтетін Олимпиададан шеттетілуі мүмкін

28 Қараша 2019, 05:13
5642
Бөлісу:
Ресей Токиода өтетін Олимпиададан шеттетілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Ресейді 2020 жылы Токиода (Жапония) өтетін Олимпиада ойындарына қатысудан шеттетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

WADA RUSADA-ны сәйкестік мәртебесінен айыруды ұсынды.Егер RUSADA сәйкестік мәртебесінен айырылса, онда Ресей Олимпиада ойындарына қатыса алмайды.

Бұған дейін Ресейдің допингке қарсы агенттігі алаяқтық жасады деп айыпталған болатын. Сондай-ақ, Ресей белгілі бір уақыт аралығында кез келген спорт түрі бойынша қандай да бір әлем чемпионаттарын өткізу құқығынан айырылуы мүмкін.

 

Өзгелердің жаңалығы