Ресей мен Украина СІМ басшылары Түркияда кездесу өткізіп жатыр

10 Наурыз 2022, 18:06
1635
Бөлісу:
Ресей мен Украина СІМ басшылары Түркияда кездесу өткізіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Түркияда Ресей мен Украина сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Дмитрий Кулебаның кездесуі басталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Министрлер кездесуі Анталиядағы дипломатиялық форум аясында өтуде, кездесуге Түркия сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглу да қатысып жатыр.

Ресей мен Украина СІМ басшыларының байланысы Ресей мен Украина делегацияларының Беларусьтегі келіссөздерінің үш раундынан кейін басталды.

Әзірге Ресей мен Украина бірқатар қалада бейбіт тұрғындар үшін гуманитарлық дәліздер ұйымдастыру, тыныштық режимін жариялай отырып, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу туралы келісімге келді, бірақ гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.

Келіссөздер мен оның нәтижелеріне дейін де Зеленский Киев бейбітшілік үшін Ресеймен келіссөздердің жаңа раундына дайындалатынын айтқан еді.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анталияға дипломатиялық форумға қатысу үшін барғаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы