Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға барды

9 Наурыз 2022, 23:28
1433
Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Анталия қаласына ұшып барды.  Бұл жайында Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді, – деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында. 

Оның айтуынша, Анталия дипломатия форумы - ғаламдық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатын дискуссиялық алаң. Биылғы форум «Дипломатияны қайта кодтау» тақырыбында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы