Регбиден Қазақстан құрамасы Польшада оқу-жаттығу жиынын аяқтады

19 Мамыр 2021, 07:35
2190
Бөлісу:
Регбиден Қазақстан құрамасы Польшада оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Регбиден Қазақстан әйелдер құрама командасы Польшаның Гданьск қаласында оқу-жаттығу жиындарын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бас бапкер Анна Яковлеваның жетекшілігімен өткен жаттығу жиынының мақсаты - Олимпиада іріктеу турниріне дайындық болды.  Бірлескен оқу-жаттығу жиыны барысында құрама спортшылары Польша командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Айта кетерлігі, регбиден әйелдер арасында Олимпиадаға іріктеу турнирі 12-20 маусым күндері Монакода өтеді. Қазақстан әйелдер құрамасы В тобында Жаңа Гвинея, Ямайка және Тунис құрамаларымен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы