Реформа жасалмаса, үлкен қауіп болуы мүмкін

26 Мамыр 2022, 17:00
1441
Бөлісу:
Реформа жасалмаса, үлкен қауіп болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1 шілдеден тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесі енгізілмек. Бұл реформаға қатысты «Ұлттық кооперативтер және шаруашылық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Қазыбек Шайх пікір білдірді.   

Мен осы сұрақпен Алматы қаласының қоғамдық кеңесі мүшесі ретінде тікелей айналысқанмын. Сонда саясаткерлерге, әкімшілікке, президент әкімшілігіне ең көп шағым түскен сұрақ осы тұрғын үй мәселелеріне байланысты болған. Реформа жасалмаса, ол сұрақ үлкен қауіп болып келуі мүмкін екені түсінікті болды. Өйткені адамдар бір жағдайға риза болмаса, ол міндетті түрде саяси, әлеуметтік қауіпке апарады. Реформа халықтың тұрғын үй мәселелеріне қатысты риза болмай, саяси сұраныс жасауынан басталды, – деді ол.

Сонымен қатар Қазбек Шайх КСК-ға мүше ретінде тек жеке тұлғалар кіргенін, ал тұрғындар осыған дейін мүше ретінде кіре алмағанын айтты. Сондай-ақ тұрғындардың ешқандай дауыстары болмағанын және КСК-лардың халыққа ұсынатын тарифінің қымбат болғанын атап өтті. Онымен қоса, ОСИ мүшелері тегін оқудан өте алатынын хабарлады.

Реформа арқылы қазір көппәтерлі тұрғын үй басқарушысы деген мамандық бар. Ол мамандықтың иесі болу үшін білім алу керек және арнайы сертификациядан өту керек. Ол өте маңызды. Өйткені адам оқымаса, үйді жақсы қарай алмайды. Бізде өзін-өзі басқаратын кооперативтер ұйымы бар. Оған мүше болып кірген ОСИ мүшелері тегін оқытылады. Сондай-ақ біз республикалық билікте олардың өкілі ретінде жұмыс істейміз және мәселелерін шешіп береміз, – деді Қазыбек Шайх.

Өзгелердің жаңалығы