Референдумда әр адамның дауысы шешуші рөл атқарады – сенатор

27 Мамыр 2022, 12:03
1663
Бөлісу:
Референдумда әр адамның дауысы шешуші рөл атқарады – сенатор
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат депутаты Андрей Лукин Astana University студенттерімен кездесу барысында айтты.

Біз цифрлық Қазақстанға өтіп жатырмыз. Осы жастар соның алдыңғы шебінде тұр. Жастар дамуы үшін белгілі бір заң қажет. Ал заңдардың негізі бұл - Конституция. Оған енгізетін 33 өзгерістің барлығын білесіздер. Біз барлығымыз осы қоғамда тұрамыз. Ол қоғамдағы тәртіптерді де өзіміз орнатуымыз керек. Осы жерде отырған әрбір адам саналы түрде 5 маусым күні референдумға баруды таңдауы керек, - деді ол.

Депутат атағандай, әрбір адамның дауысы шешуші рөл атқарады.

Референдумға келгендер Президентті қолдап, болашақты өзгерту үшін дауыс береді. Жастар осыған дейін айтылған идеяларды қолдауға да дауыс береді. Референдумға бару, бармау да әркімнің құқығы. Алайда 18-ге толған адамның азаматтық борышы қоғамдағы маңызды саяси процеске қатысқаны абзал,- деді Лукин.

Депутат референдумның нәтижесінде қоғам өзгеретінін айтты.

Екінші республикада жаңашылдық көп болады. Сіздер де ертең оқуды тәмамдап сұранысқа ие маман атанасыздар,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы