Референдум. Өңірлердің ішінде Түркістан облысы көш бастап тұр

5 Маусым 2022, 20:39
1479
Бөлісу:
Референдум. Өңірлердің ішінде Түркістан облысы көш бастап тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық референдум комиссиясының алаңында  Мұхтар Ерман айтты.

ОРК сағат 20:00-дегі жағдай бойынша елдің 12 өңірі мен 12 шетелдік учаскеде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Облыс, республикалық қала мен елорда, Алматыдағы комиссиялар қатысушылар бойынша  алдын ала нәтижені ұсынды. Елордада 57,06 пайыз, Алматыда 32,25 пайыз, Шымкентте 72,53 пайыз адам қатысты. Референдумда 7 936 655 адам бюллетень алған. Бұл дауыс берушілердің 67,65 пайыз. Қалған 5 облыстың нәтижесі қосылған қорытынды сағат 22:00-де белгілі болады, - деді Ерман.

Облыстардың ішінде Түркістан облысы 80 пайызбен көш бастап тұр. 

Айта кетейік, республика бойынша азаматтар сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс берді. Елдің 5 өңіріндегі уақыт айырмашылығына қатысты, атап өтетін болсақ, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және БҚО-дағы  1858 учаскеде дауыс беру елорда уақытымен  21:00-де аяқталады. Шетелде 48 учаскеде дауыс беру жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы