Референдум. Өлім жазасынан бас тартсақ, қылмыс көбеюі мүмкін бе? - Сарапшы пікірі

17 Мамыр 2022, 16:13
1980
Бөлісу:
Референдум. Өлім жазасынан бас тартсақ, қылмыс көбеюі мүмкін бе? - Сарапшы пікірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» сараптамалық алаңының кезекті отырысында ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина мәлімдеді. 

Осы бағытта мен екі мәселеге назар аударғым келеді. Біріншіден, қазіргі жағдайда ең алдымен халықтың қатысу белсенділігі маңызды. Себебі Конституциялық өзгерістердің қабылдану-қабылданбауының өзі референдумның өтуіне байланысты. Осы орайда халықты жұмылдыру мен қатыстыру деңгейінде мынаны ескерген жөн. Референдум – негізінен өте үлкен  маңызды саяси оқиға. Мұны халықтың өзі де жақсы түсінуі керек. Осы арқылы халықтың мүддесі, өзіндік пікірі ескеріледі. Соңғы жылдары әлемнің біршама елдерінде референдум өтті. Статистикаға сүйенсек, 2 жыл ішінде батыс елдерінде референдум 149 рет, Таяу Шығыста – 93 рет, Азия мемлекеттерінде – 30 рет, АҚШ-та – 49 рет, ал жалпы алғанда ұлттық референдум 799 рет өтіпті. 2014 жылы – Шотландияда, 2016 жылы – Ұлыбритания мен Әзірбайжанда, 2018 жылы – Түркияда референдум өткізілуі халықтың пікірін ескеруге бағытталған механизм ретінде өте танымал екенін көрсетуде, - деп атап өтті сарапшы. 

Оның айтуынша, азаматтарымыздың арасында референдум өткізу – пікірлер ескерілетін институтқа айналуда. 

Ал екінші мәселе – адам құқықтары. Конституциялық өзгерістердің арасында өлім жазасына тыйым салып отырмыз. Бұл – үлкен өзгеріс. Біз толығымен мемлекет ретінде өлім жазасынан бас тартамыз. Ал халық арасында өлім жазасынан бас тарттық, қылмыс көбейеді деген пікір бар. Шын мәнінде, олай емес. Өлім жазасын жаза ретінде алып тастау қоғамдағы қылмыстарға әсер етпейді. Адам құқықтары, адам өмірі, бостандығын ескере отырып, көптеген әлем елдері өлім жазасын алып тастады. Себебі құқықтық қателіктер орын алуы мүмкін. Мәселен, 1972 жылдан бері АҚШ-тың  өзінде 200-ге  жуық өлім жазасына қатысты шешім қате шығарылыпты. Сондықтан Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуы – үлкен жетістік, - деді Алуа Жолдыбалина.

Өзгелердің жаңалығы