Референдум бойынша Бас прокуратураға 6 өтініш келіп түскен

5 Маусым 2022, 21:11
1348
Бөлісу:
Референдум бойынша Бас прокуратураға 6 өтініш келіп түскен
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратура өкілі Азамат Серғазин «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан  16 сағаттық онлайн марафонда айтты. 

Референдумды дайындау мен дауыс беру тыныш жағдайда өтті. Осы сәтте дауыс беру нәтижелеріне әсер ететін құқық бұзу жоқ. Әлеуметтік желілерде референдум учаскелерінде дауыс беру туралы әртүрлі хабарламалар таратылып жатыр. Тексеру кезінде олардың көбі расталмады. Әлі де тексеру жүргізіліп жатыр. Бүгін прокуратура органдарына азаматтардан 6 өтініш келіп түсті. Олардың біреуі Бас прокуратураға, екі-екіден ШҚО мен БҚО прокуратурасына, біреуі Ақтөбе облыстық прокуратурасына бағытталды,  - деді Серғазин. 

Оның айтуынша, олардың барлығы аумақтық референдум комиссиялары мен өкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне қатысты болды. Сол себепті осы органдарға жолданған. 

Бас прокуратураға Қарағанды облысының тұрғыны  телеграм арнасында негізсіз бұғаттауға қатысты арыз түсірді. Ол референдумға қатысты өз ойын білдірген. Бұл өтініш Ақпарат және қоғамдық даму минитсрлігіне бағытталды. Алматы қаласында азаматтардан екі арыз түсірді. Оларға референдум комиссиясының мүшелері тұрақты мекенжайдың болмауына қатысты бюллетень берілмеген. Бұл арызды қарап болған соң азаматтар дауыс беруге қатысып, конституциялық құқығын жүзеге асырды. Референдум өткізу бойынша заңнаманы жүзеге асыру жалғасып жатыр, - деді Азамат Серғазин.  

Айта кетейік, Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өтті. Референдумға арналған телемарафон сағат 01:00-ге дейін жалғасады. 

Өзгелердің жаңалығы