Референдум алдында ақпараттық шабуылдар болды – сенатор

6 Маусым 2022, 15:39
1634
Бөлісу:
Референдум алдында ақпараттық шабуылдар болды – сенатор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚСЗИ GPS» сараптамалық алаңының кезекті отырысында депутат, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлімдеді.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы референдумға қатысты нақты мәліметтерді жариялады. Осы уақытқа дейін республикалық штабтың құрамында депутат ретінде біз ел-елді аралап, көптеген кездесулер өткіздік. Сол кезде сайлаушылардың Президент Тоқаев бастаған Конституциялық реформаларды қолдап көрдік. Көптеген пікірталастар ұйымдастырылды. Сол кездегі қолдау кеше ел азматтарының референдумда нақты көрініс тапты, - деп атап өтті сенатор. 

Сондай-ақ ол референдумға қатысты ел арасында таралған ақпараттарға тоқталды. 

Референдум учаскесіне барғанда ең алдымен азаматтардың реформаны қолдап, дауыстарын бергендерін көзімізден көрдік. Кездесуде біз тек референдум мәселелерін ғана емес, еліміздің қазіргі саяси-экономикалық қиындықтары, Конституциялық өзгерістерден кейін қоғамда болатын ілгерілеушіліктер туралы нақты әңгімелер болды. Референдумның асығыс өткізілгендігі, (бөлінген) қаражатқа қатысты сыни пікірлер де айтылды. Бірақ бұл қоғамда пісіп-жетілген реформа болатын. Тағы бір айта кетерлігі, соңғы аптада ақпараттық шабуылдар көбейді. Аты-жөні белгісіз азаматтар Конституциялық реформаларға сын айтқаны, «балаларды тартып алады екен», «Жер халықтыкі делінгенімен, бәрібір мемлекеттің қарауында болады» іспеттес жалған ақпарлар таратты. Менің ойымша, халықтың ақпараттық таңдауында да бір ілгерушілік бар сияқты. Осы уақытқа дейін барлық ақпаратты рас екен деп қабылдап жүрсе, бұл жолы сайлаушылар ақпараттың ақ-қарасын ажырата алды, - деді Ләззат Сүлеймен. 

Өзгелердің жаңалығы