Райымұлованың отставкасы. Өтініш қабылданбады

22 Желтоқсан 2021, 19:03
1325
Бөлісу:
Райымұлованың отставкасы. Өтініш қабылданбады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтің қорытындысы бойынша бірқатар БАҚ өкілдері өз жаңалықтарына «Ақтоты Райымқұлова Олимпиададан кейін отставкаға кету туралы өтініш берді» деген тақырып қойған болатын, алайда бұл фактінің бұрмалануы.

Осыған байланысты министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтоты Райымқұлованың отставкаға кету» мәселесі бойынша түсініктеме беру қажет деп санаймыз. Бұған дейін, 2021 жылдың 15 шілдесінде, Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты вице-министр Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деген үкім шығарды. Мәдениет және спорт министрі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 60-бабының талаптарын сақтап, отставкаға кету туралы өтініш берді. Бірақ Министрдің өтініші қабылданбады - делінген министрлік хабарламасында.

Жуырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов жоғарыда аталған жағдайға қатысты тиісті түсініктеме берген болатын.

Сыбайлас жемқорлық үшін саяси отставка қарастырылған. Ал, С.Мұсайбеков алаяқтық жасағаны үшін сотталды, – деді М.Ахметжанов.

Өзгелердің жаңалығы