Рауан Кенжеханұлы: Азамат ретінде де, маман ретінде де қолдаймын

5 Қаңтар 2021, 14:23
2274
Бөлісу:
Рауан Кенжеханұлы: Азамат ретінде де, маман ретінде де қолдаймын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала жариялады. Осыған орай Ұлттық аударма бюросының басшысы Рауан Кенжеханұлы өз ойын ортаға салды.

Рас. Біз үшін Тәуелсіздіктен қымбат, азаттықтан қастерлі ешнәрсе жоқ. Жеріміз, тіліміз және бірлігіміз сол тәуелсіздіктің үштаған тұғыры екені де рас. Осы уақытқа дейін тарихымызды зерделеп, заманға сай тарихи сана қалыптастыра алмағанымыз да рас. Тарихи ғылымымызда өткеніміздегі қайғы мен қасіретті аза тұту көп, ал ол қасіретке мән мен мағына беру, оны рухты көтеру, мемлекетшіл, отаншыл ұрпақ тәрбиелеу мақсатына қызмет еткізу жағы аз – дейді ол.

Сонымен қатар, Рауан Кенжеханұлы маман ретінде де, азамат ретінде де Президент мақаласында айтылған мәселелерді жүзеге асыру жұмыстарына атсалысуға дайын екенін айтты.

Президент мақаласында осы мәселелер орынды айтылған. Дұрыс көтерілген. Сондықтан азамат ретінде қолдаймын, маман ретінде осы жұмысқа атсалысуға дайынмын – деді Рауан Кенжеханұлы.

Өзгелердің жаңалығы