Рәшкүл Оспанәлиева: Мемлекет басшысы әр саланың кілтипан тұсына жеке тоқталған 

17 Қаңтар 2022, 18:53
2932
Бөлісу:
Рәшкүл Оспанәлиева: Мемлекет басшысы әр саланың кілтипан тұсына жеке тоқталған 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Рәшкүл Оспанәлиева айтты.

Оның айтуынша, қазіргі таңда халық үшін Мемлекет басшының жаңа бастамаларындағы көтерілген мәселелер өзекті.

Бұл жолы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әр саласындағы кілтипан тұстардың бәрін жеке-жеке атап өтті. Әрине, мұндай реформаның іске асуына уақыт керек. Қарап отырсақ, мемлекет пен халық арасына тікелей жақындай түсті. Түрлі әлеуметтік желілер арқылы мелекетт тұрғындармен кері байланыс жасап, дер кезінде қауіп қатер, шұғыл жаңалықтармен хабардар етіп отыр. Бірақ бұл тұрғыда халықпен мемлекет ауызбіршілігін сақтап, бір-бірін ести білу қажет, - деді  Рәшкүл Оспанәлиева.

Рәшкүл Оспанәлиеваның пікірінше, билікте тәжірибелі азаматқа орын болуы тиіс. Себебі, ел басқару ісінде тәжірибе аса үлкен маңызға ие.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысы мен салығы өзіне түсуі керектігін баса айтты. Ол осы уақытқа дейін жеке меншік компания болып, утилизациялық алымды жинап келген «оператор РОП»-тың жұмысын тоқтатты. Бұл алымның аз қаржыны құрау қажеттігін сондай-ақ бұл шешім азаматтардың жұмыс тиімділігін арттыратынын жеткізді. «Еститін мемлекет» ретінде халықпен әр өңірдің әкімдер бәрі жергілікті тұрғындармен тығыз қарым-қатынас жасап, айтқанын дер кезінде түртіп алып, содан сабақ шығарып отыру керек, - деді Шымкент қалалық мәслихатының депутаты.

Сондай-ақ мәслихат депутаты Рәшкүл Оспанәлиева келер бастамаларға өз ұсынысын айтты.

Біздің 19 млн халқымыз бар оның ішінде 12 млн қазақпыз. Олардың 30 пайызы жастар. Біз көпбалалы жас отбасыларға жалдалмалы пәтерлерді жеңілдікпен беруміз қажет. Жас шаңыраққа жұмыс істейтіндей жағдай жасап, барынша қолдау білдіру қажетпіз. Сонда біздің Қазақстанда туу мен өсу көрсеткіші жақсы болады. Халық санының, ұлт санынң өсуі аса маңызды, - деді мәслихат депутаты Оспанәлиева.

Өзгелердің жаңалығы