Рамазан айында Астана мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды

20 Наурыз 2023, 16:36
1289
Бөлісу:
Рамазан айында Астана мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды
Фото: Егемен Қазақстан

Рамазан айында Астана мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды. Бұл туралы Астана қаласының дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылы Рамазан айы 23 наурыздан бастап, 20 сәуір аралығында өтеді. Ораза айт мерекесі 23 сәуірге жоспарланған. Осы жылы ораза 29 күнге созылады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түні өтеді. Бұған әкімдік тарапынан арнайы жоспарлар құрылып, қала бойынша жұмыстар атқарылады. Рамазан айында ораза кестесіне сәйкес, күнделікті тарауық намазынан соң қала әкімдігі бес бағыт, яғни бес мешіт бойынша 15 автобус жүргізілетін болады. Олар бас мешітте, екінші Әзірет Сұлтан мешітінде 4 автобус бөлінеді сонымен қатар Әбу Насыр Әл-Фараби мешіті, Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті, Рахымқызы Раиса Ана мешіттері автобуспен қамтылады, - деді Әлмұқанов Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте.

Сонымен қатар спикер Рамазан айында ауызашар және діни сұрақтарға қатысты  қалалық әкімдік тарапынан 109 колл-орталығы жұмыс істейтінін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы