Рамазан-2022. Мешітте жамағатпен намаз оқу кезінде маска тағу міндеттеле ме?

28 Наурыз 2022, 17:29
2016
Бөлісу:
Рамазан-2022. Мешітте жамағатпен намаз оқу кезінде маска тағу міндеттеле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында наиб мүфти Ершат қажы Оңғар хабарлады. 

Қазіргі таңда эпидемиологиялық шарттарға жеңілдіктер жасалынып жатыр. Сондықтан тарауық кезінде масканы тағу-тақпау әрбір мешітке келуші жамағаттың өз еркінде. Мешіттегі намаздарда арақашықтық белгілі бір мөлшерде емес, қалыпты жағдайда болады деп жоспарлануда, - деді Ершат қажы Оңғар. 

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасарының айтуынша, бүгінде мешіт ашық болуы себепті пітір садақаны мешітке барып беруге де болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін наиб мүфти қандай жағдайда оразаның бұзылмайтындығын айтқан болатын. Сонымен қатар ол ораза кезінде вакцина алу мәселесіне тоқталды. 

Өзгелердің жаңалығы