Рамазан-2022. Елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін діни ақпарат беру орталығы іске қосылды

28 Наурыз 2022, 15:31
2007
Бөлісу:
Рамазан-2022. Елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін діни ақпарат беру орталығы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. 

Оның айтуынша, шариғат бойынша балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау парыз.

Алайда жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғатымыз рұқсат береді, - деп атап өтті бас мүфти. 

Сондай-ақ ол тәулік бойы жұмыс істейтін діни ақпарат беру орталығының ашылғанын алға тартты. 

Егер оразаға, жалпы діни мәселеге қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан діни ақпарат беру орталығы ашылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Жамағаттың сұрағына дер кезінде жауап беретін орталықтың нөмірі: 33-30-30. Орталыққа Нұр-Сұлтан қаласының кодын теру арқылы  телефон шалуға болады. Дін саланың білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тілдерінде сұрақтарға жауап береді,  - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.   

Өзгелердің жаңалығы