Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамалды

16 Қаңтар 2024, 13:05
1486
Бөлісу:
Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамалды
Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov

Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған материалды қарау барысында сот алқасы оның бұрын әйелін бірнеше рет ұрып-соққанын ескеріп, бірінші сатыдағы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Осылайша қаулы өзгеріп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес, Тұрлыхановқа қатысты жаза ескертуден 10 тәулікке қамауға өзгерді, - делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

Айта, кетейік осыдан бірнеше күн бұрын Рахат Тұрлыханов әйелімен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып әлеуметтік желіде видеоүндеу жолдаған еді.

Өзгелердің жаңалығы