Радиофобия. Заңның қайшылығы. Министр Астанадағы интернет сапасын қалай шешеді?

14 Наурыз 2023, 12:26
1393
Бөлісу:
Радиофобия. Заңның қайшылығы. Министр Астанадағы интернет сапасын қалай шешеді?
Фото: Үкімет

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет сапасын арттыру үшін арнайы стансалар орнатылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Астанада неге мобильді байланыс желісі тұрақты ұстамайды деген сұраққа ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов жауап берген болатын.

Ол интернет сапасының төмендігі қаладағы радифобтарға байланысты екенін айтқан.

Жаңа мәжіліс құрылған кезде бұл мәселе талқыланады. Өйткені мұндай ұсыныстар операторлар мен эксперттерден жиі келеді. Айта кету керек, бізде 100 пайыз стансалар болса, оның 20 пайызын жыл сайын орнынан алып, басқа жерге орнатуға мәжбүрміз. Мұның бәрі радифобияның салдарынан болып отыр.  Бұл мәселені алдын алу үшін Астана әкімдігімен бірігіп, 67 жер учаскесін алып отырмыз.  Ол жерге тиісті антенна құрылғылары орнатып, олардың үстінен базалық стансаларды қоюды көздеп отырмыз, - деді жауап берді министр. 

Сонымен қатар Мусин интернет бағасы нарыққа тікелей байланысты екенін, министрліктің тарифты реттемейтінін айтты. Оның ойынша, елде интернет қолайлы бағада. 

 Қазақстан интернет бағасы бойынша соңғы орындарда тұр. Сапасы бойынша да ең үздігі емеспіз, орташамыз деп айтуға болады. Жеке өзіме елдегі интернет ұнайды, өйткені көптеген елге сапарлап барғанда ондағы байланыстың жай-күйін көрдім. Менің пікірімше, Қазақстанда қолайлы бағаға қолайлы интернет бар, - деді Бағдат Мусин. 

Өзгелердің жаңалығы