ҚР Сауда және интеграция министрлігі Минск қаласына ірі сауда миссиясын әзірлеуде

29 Қазан 2019, 22:58
1766
Бөлісу:
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Минск қаласына ірі сауда миссиясын әзірлеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Беларусь президенттерінің келіссөздері нәтижесі бойынша мемлекеттер арасында кооперацияны тереңдету туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сауда және интеграция министрлігі Беларусь импортының құрылымын және Беларуське ағымдағы қазақстандық экспортқа талдау жүргізді. Талдау нәтижелері бойынша шамамен 300 млн доллар сомасына қазақстандық өнімді Беларуське жеткізу үшін 44 тауарлар позициясының тізбегі айқындалған.

Сонымен, металл илектер Беларусь Республикасына қазақстандық экспортты арттыру үшін әлеуетке ие.  

"Өткен жылы Беларуське 28,5 млн долларға темір мен легирленбеген болат илегі жеткізілген. Алайда осы тауар тобының жалпы импорты жарты миллион доллардан асып кетті. Кәсіпорындарымыздың технологиялық мүмкіндіктері болғанда, біз металл илегін жеткізуді кемінде екі есеге арттыра аламыз", - деді сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. 

Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша Беларусь Республикасына қазақстандық экспорт үшін металл илегі зор әлеуетке ие. Біздің металл құбырларымыз Беларусьтің қажеттіліктерін 10%-дан астам қамтамасыз ете алады (БР-ына металл құбырын импорттаудың жалпы көлемі 2018 жылы 312,8 млн долларды құрады).

Қазақстан сондай-ақ болаттан жасалған бұйымдар (оның ішінде құбырлар), АӨК өнімдері (макарон, күріш, кондитерлік өнімдер), жезден жасалған бұйымдар, құрылыс материалдары және басқа да тауарлар позицияларын Беларуське жеткізуді ұлғайта алады.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Беларусь нарығына экспортты арттыру мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрлігі келесі жылы қаңтарда Беларусь Республикасына сауда-экономикалық миссия ұйымдастырады, оны сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов басқарады.


Өзгелердің жаңалығы