Қызылжардағы өрт толығымен сөндірілді

6 Шілде 2023, 04:54
546
Бөлісу:
Қызылжардағы өрт толығымен сөндірілді
Фото: архив

Ақмола облыстық ТЖД Қызылжар орманшылығы аумағындағы құрғақ шөп өрті сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5 шілдеде сағат 17.28-де Целиноград ауданында Шұбар ауылынан 20 шақырым қашықтықтағы Қызылжар орманшылығының аумағында 0,8 га алаңда құрғақ шөп өртеніп, 1,1 га алаңда орман төсенішіне көшті.

Өрттің алдын ала ауданы 1,9 га құрады. Жедел қабылданған күштер мен құралдардың арқасында өрт сағат 18.2

Өрттің себебі анықталуда, - деп жазды ведомстводан.

Өртті сөндіруге орманшылықтан 40 адам мен 3 техника, Ақмола облысы ТЖД 8 адам мен 2 бірлік техника, Астана қаласы ТЖД 16 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақмола облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы