Қызылжарда кикбоксингтен Қазақстан кубогы басталды

11 Қараша 2022, 09:01
747
Бөлісу:
Қызылжарда кикбоксингтен Қазақстан кубогы басталды
PHOTO

Қызылжарда кикбоксингтен Қазақстан кубогы басталды. 4 күн бойы жалғасатын республикалық жарыс халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналып отыр, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстандағы BAQ.KZ  тілшісі.

«Қызылжар» турнирі осымен 22-ші рет ұйымдастырылып отыр. Соңғы 6 жылдан бері ол Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналып келеді.  

Қызылжарда кикбоксингтен Қазақстан кубогы басталды

Азамат – Петропавл қаласында дүниеге келген. 27 жасында кикбокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Әлем Чемпионатында екі рет күміс жүлде, бір рет қола жүлдеге ие болды. Өз күшін бірнеше рет Қазақстан Чемпионатында дәлелдеп, үздік атанды. Спортшы 2016 жылы қатерлі дерттен көз жұмды. 

Қызылжарда кикбоксингтен Қазақстан кубогы басталды

Дәстүрлі додада Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ден аса былғары  қолғап шебері бақ пен бап сынасады. Әр салмақ дәрежесі бойынша үздікер анықталып, Тайландта өтетін Азия біріншілігінде өнер көрсетуге мүмкіндік алады. 

Қызылжарда кикбоксингтен Қазақстан кубогы басталды

Қазақстан кубогы – кіл мықтыларды анықтайтын жарыс деуге болады. Мұнда бас қосып отырған спортшылардың ешқайсысы осал емес. Бәрі намысты, жігерлі жігіттер. Кикбоксшыларға спорт шебері дәрежесін алуға мүмкіндік береді. Тайландтағы жарыс келер айдың 9 мен 19 аралығында өтеді деп жоспарланған. 3 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды іріктеп аламыз, - дейді ҚР кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы Нұрболат Рысмағамбетов. 

Қызылжарда кикбоксингтен Қазақстан кубогы басталды

Руслан Арзюков Қарағанды облысының атынан сынға түсті. 20 жастағы спортшы рингте Павлодарлық кикбоксшымен кездесті. Руслан керекулік спортшыдан басым түсті. 

Қызылжарда кикбоксингтен Қазақстан кубогы басталды

Қарсыласым жарысқа жақсы дайындықпен келіпті. Үш раундта да аянбай өнер көрсетті. Төрешілер мені жеңіске лайық деп тапты. Мүмкін менің тәжірибем басым түксен болар, - дейді спортшы.

Қазақстан кубгының ашылу салтанатына қатысқан Азасаттың әкесі Ерік Нүрпейісов спортшыларға сәттілік тілеп, ұлының есімін ұмытпай жүрген жастарға алғыс білдірді. 

Өзгелердің жаңалығы