Қызылордада жаппай Әнұран орындалды

21 Қазан 2022, 17:07
4642
Бөлісу:
Қызылордада жаппай Әнұран орындалды

Сыр өңірінде 25 қазан – Республика күніне орай маңызды іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Қызылорда облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде ұлттық мереке аясында мемлекеттік ту көтеру және «Патриотизм дауысы» жаппай ел Әнұранын орындау шарасы ұйымдастырылды.

Жастар бойындағы ұлттық сезімді арттырып, Республика күнін жоғары деңгейде атап өтуді мақсат еткен шара қатысушыларға ерекше рух сыйлады.

Қызылордада жаппай Әнұран орындалды

Жуырда өткен құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір мереке күндеріне өзгерістер енгізіп, заңға қол қойғанын білесіздер. Соның бірі де бірегейі 25 қазан − Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді. Бұл мереке еліміз үшін үлкен маңызға ие. Сыр бойындағы тарихы терең, маңдай алды оқу орындарының бірі М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде ұйымдастырылған шараның жастарға берері мол. Білім ордасындағы студенттердің шығармашылық қабілеттері ел болашағының жарқын боларына үлкен сенім сыйлайды, − дейді Қызылорда облыстық білім басқарма басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов.      

Ұлттық мереке – тарихи сананы жаңғыртып, ел келешегіне сеніммен қарауға ықпал ететін маңызды күн екені рас.

Қызылордада жаппай Әнұран орындалды

Республика күні мерекесіне орай М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде мемлекеттік ту көтеру және «Патриотизм дауысы» шарасы өтті. Еліміздің мерейлі мерекесі Жаңа Қазақстанның жасампаз жастарына рух беретін тағылымы мол айтулы күн. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұл еліміздің тәуелсіздігіне жасалған алғашқы қадам болды. Республика күні еліміздің мемлекеттілікке бағытталған тарихи қадамының символына айналуы тиіс» деп атап өтті. Оқытушылар мен студенттердің патриоттық рухын жетілдіретін салтанатты жиында бірнеше ұстаз марапат биігінен көрінді. Он үш жылдан кейін халықпен қайта қауышқан мерекенің білім ордасында жоғары деңгейде аталып өтуі біз үшін үлкен мерей. Егеменді еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бейбітшілігіміз баянды болсын!  − дейді М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзира Баһадүрова.

Өзгелердің жаңалығы