Қызылордада тергеу изоляторына 640 кітап сыйға тартылды

4 Шілде 2023, 13:49
726
Бөлісу:
Қызылордада тергеу изоляторына 640 кітап сыйға тартылды
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68 республикалық мемлекеттік мекемесінде сотталғандарды тәрбиелеу және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында кітапхана қызметі жұмыс жасайды. Облыстық кітапханадан осы тергеу изоляторына 640 кітап сыйға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Кітапханашы Дияс Қашқынбай кітапхана қорын толықтыру мақсатында жан-жақты сұраныстар жіберіп, нәтежиелі жұмыстар атқарып келеді. Осы орайда, Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан 640 кітап алынды. 

Біз тергеу изоляторы қызметкерлерімен біраз жылдан бері бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастыруымен жекеқұрамның жас қызметкерлері кітапханада өткізілген әртүрлі іс-шараларға шақырылып,қатысып тұрады. Сондай-ақ мұндағы тәрбие бөлімі жазасын өтеушілерге мерекелерге байланысты кітап көрмесін апарып көрсетуімізді сұрайды. Жыл басынан бері сотталған азаматтарға екі түрлі тақырыпта жылжымалы кітап көрмесін апарып көрсеттік. Сонда байқағанымыз, жазасын өтеушілер тарапынан кітап оқуға деген талпыныс өте жоғары екен. Сол себепті бұл жолы 640 кітапты сыйға тартып отырмыз, – дейді рухани ордаданың құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталог ұйымдастыру бөлім меңгерушісі Бақыт Жусупова. 

Әкелінген кітаптарды алдымен теолог қызметкерлер тексерістен өткізді. Тексеру барысында құнды сыйлар арасынан радикалдық бағыттағы және шытырман оқиғалы туындылар мен мекеме ішіне алып өтуге тыйым салынған заттар анықталған жоқ. Кітаптардың ішінде қазақ әдебиетінің класик жазушылары М.Әуезовтің, І.Есенберлиннің, С.Мұқановтың, Ә.Әлімжанның романдары мен ақын О.Сулейменовтің , Т.Молдағалиев пен М.Шахановтың да өлеңдер жинағы және танымдық кітаптар мен фантастикалық шығармалар бар. 

Кітаптарды сыйға тартқан кітапхана басшылығына алғысымды білдіре отырып, сабырлы ұстаз саналатын кітаптың, жазасын өтеуші жандардың түзелу жолына түсуіне септігін тигізетіне сенімім мол, – деді жабық мекеменің кітапханашысы. 

Өзгелердің жаңалығы