Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен баланың денесі табылды

25 Қараша 2023, 21:13
1834
Бөлісу:
Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен баланың денесі табылды

 25 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де құтқарушылар кәріз құдығынан 2015 жылы туған баланың денесін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен 5 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері және 1 техникасы, ішкі істер бөлімінің 8 қызметкері мен 3 техникасы, жедел жәрдем бригадасы, «Қызылорда қ. су жуйесі» жергілікті атқарушы орган қызметкерлері оқиға орнына барды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қызылордада құтқарушылар кәріз құдық құдығына құлап кеткен 8 жасар баланы іздестіріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы