Қызылорда қаласында ерекше аялдама пайдалануға берілді

22 Желтоқсан 2023, 17:43
4289
Бөлісу:
Қызылорда қаласында ерекше аялдама пайдалануға берілді
PHOTO
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Қызылорда қаласының тұрғындары енді автобусты өрт сөндірушілер аялдамасында күтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қызылорда облысы ТЖД сілтеме жасап.

Бұл аялдама - Қызылордалық өрт сөндіруші- құтқарушылардың екінші креативті жобасы.

Қызылорда қаласында ерекше аялдама пайдалануға берілді

Дәлірек айтқанда, қала тұрғындары автобусты Жеңіс көшесінің бойында орналасқан өрт сөндіргіш құралы бейнеленген аялдамада күтеді. Себебі бұған дейін де қала аумағындағы М. Саламатов көшесінің бойында орналасқан өрт сөндіру автокөлігінің кабинасы бейнеленген аялдама көпшілікке қызмет етуде. 

Қазіргі кезде аялдама көптің қызығушылығын тудырып қана қоймай, оқушыларға, тіпті автокөлік жүргізушілеріне де өрт қауіпсіздігі қағидаларын насихаттауда. Сонымен бірге аталмыш аялдамада Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі де көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы