Қызылорда облысында жылқы ұрлап, етін сатқан қылмыстық топ ұсталды

27 Желтоқсан 2021, 10:15
1306
Бөлісу:
Қызылорда облысында жылқы ұрлап, етін сатқан қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қызылорда облысында жылқы ұрлап, етін сатқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

15 желтоқсан Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны мал ұрлығы бойынша аудандық полиция бөліміне арызданған. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш бас жылқыны ұрлап, етін Қазалы ауданы мен Төретам кенті, Ақай елді мекенінің тұрғындарына сатқан қылмыстық топ ұсталды. 

Олар Қазалы ауданы мен Ақай ауылының тұрғындары болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚК 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліліп жатыр.

Күдіктілер Қазалы ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат ретінде 16-шы калибрлі бір дана аңшы мылтығы, ет өнімдері және УАЗ-3163 Patriot автокөлігі тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы