Қызылорда облысында Жаңа жыл түні 18 қылмыс тіркелді

2 Қаңтар 2023, 16:16
933
Бөлісу:
Қызылорда облысында Жаңа жыл түні 18 қылмыс тіркелді

Қызылордалық полицейлер Жаңа жыл түні 500-ге жуық құқық бұзушылық анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған Жаңа жыл түні облыста 18 қылмыс тіркелді. Кезекші тәулікте 8 қылмыс ашылды. Облыс бойынша барлығы 429 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, қоғамдық орындарда мас күйде болған 17 тұлға, түнгі тыныштықты бұзған 18 адам анықталды. 

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жылдамдықты шамадан тыс асырған 34, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 7 жүргізуші анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Сонымен қатар мас күйінде көлік тізгіндеп, жол ережесін бұзған жүргізушілер де жауапқа тартылды. Жеке құраммен атқарылған жұмыстарының нәтижесінде төтенше жағдайға жол берілген жоқ, - деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев.

Өзгелердің жаңалығы