Қызылорда облысы: 101 жастағы соғыс ардагері дауыс берді

20 Қараша 2022, 10:49
1005
Бөлісу:
Қызылорда облысы: 101 жастағы  соғыс ардагері дауыс берді
Фото: автордан

Қызылорда облысында ҚР Президентінің сайлауы жергілікті уақытпен 07.00- де басталды. Саяси науқанға келуші дауыс берушілердің қатары сәт сайын көбеюде, олардың қатарында жасы егде тартқан қариялар да бар, деп хабарлайды Қызылорда облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

 101 жастағы соғыс ардагері Яхия ақсақал да ел болашағы үшін таңдау жасауда қалыс қалмады. Халық үшін маңызды іс-шараларға ерекше мән беретін қария Тереңөзектегі өз сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып барып, өз таңдауын жасады.

Мен елімізде өткен барлық сайлауға барып, дауысымды беріп келемін. Ұрпағымның келешегіне алаңдаймын. Өзім баратыным сондықтан,- дейді ақсақал.

Қызылорда облысы: 101 жастағы  соғыс ардагері дауыс берді

Қазалы аудан орталығында, Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бабаның есімі берілген №70 мектепте орналасқан №57-ші Төребай Шермаханов бастаған сайлау учаскесі де бүгінгі маңызды науқанға сақадай сай. Осы маңды мекендеген әрбір дауыс берушінің қапы қалмауын да жіті бақылауда.

Мұндағы учаскіге келіп, алғашқы дауыс берушілердің бірі  - 94 жастағы Айымқұл Жалғасбаев. Көпті көрген ақсақал саяси науқанға аса жауапкершілік танытып, елдегі оң өзгерістерге өз үлесін қосуға келгенін айтты.

Баршаңызды бүгінгі Президент сайлауына белсене қатысуға шақырамын. Жұртшылық болып жұмыла, бүгінгі науқанды бірге алып шығайық ағайын, - деді қария.

Қызылорда облысы: 101 жастағы  соғыс ардагері дауыс берді

 Саяси науқан жұмыстары Шиелі ауданынында да мерекелік көңіл-күймен жалғасуда. Сайлауға келген 86 жастағы ақмаялық ақсақал Жанғали Сағындықов өз таңдауы үшін дауыс беріп, мемлекеттің оң бағытта дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

Шиелі кенті, "Арай" мөлтек ауданында орналасқан – №364 сайлау учаскесіне келген Серікбай Нұртазаев та сайлау науқаны болашақ ұрпақтың өміріне ықпал ететін маңызды сәтте өз таңдауын жасағанын айтады.

Бұл сайлаудың халық үшін орны ерекше. Ел тізгінін ұстайтын Президент халыққа құрметті, сыйлы болсын деп тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!,- дейді С.Нұртазаев.

Өзгелердің жаңалығы