"Қызғаныштан атып тастаған". Өскеменде белгілі спортшы қаза тапты

15 Қаңтар 2024, 15:08
5523
Бөлісу:
"Қызғаныштан атып тастаған". Өскеменде белгілі спортшы қаза тапты
VIDEO
Фото: "Криминальный Казахстан" телеграм-каналы

Өскеменде белгілі спортшы, жекпе-жек шебері Эльер Юнусметов көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеше Өскеменде тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде ер адамның оқ жарақатынан қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

"Криминальный Казахстан" телеграм-каналының мәліметінше, қаза болған ер адам - белгілі спортшы, халықаралық деңгейдегі ММА шебері Эльер Юнусметов екені анықталды. Эльер кикбоксинг, самбо, бокс, қоян-қолтық ұрыс, тай боксынан өткен аудан, облыс, республикалық және халықаралық чемпионаттардың чемпионы атанған. 

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 26 жастағы А.К. Тюебаев есімді азамат ұсталған. Алдын ала болжам бойынша ер адам 23 жастағы келіншегін Юнусметовтен қызғанып кеткендіктен, осы қылмысқа барған көрінеді.    

Yk-news.kz сайты хабарлағандай, Эльер Юнусметов 1990 жылы ШҚО, Катон-Қарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген. 5 жасынан бастап спортпен айналысқан. Ең алғашқы бапкері - әкесі болған. Спорттық мансабында көп жетістікке жеткен. 

Соңғы уақытта спортшы "Барыс QTT" бразилиялық клубтың сапында джиу-джитсу және грэпплингпен айналысып, жаттыққан. 

Айта кетейік, қайғылы оқиғаға қатысты "кісі өлтіру" (ҚР ҚК 99) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы