Қытаймен визасыз режимнің енгізілуі ел экономиксының дамуына көмектеседі

7 Мамыр 2023, 15:35
844
Бөлісу:
Қытаймен визасыз режимнің енгізілуі ел экономиксының дамуына көмектеседі
Фото: Ash.edu.kz

Соңғы кезде Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз қарым-қатынас жайы жиі айтыла бастады. Қытайлық азаматтар бұған дейін елімізге 14 күнге визасыз келе алатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы орайда ел экономикасына визасыз қарым-қатынастың қандай оң әсер беретінін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті басқарма аппаратының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлфайруз Қайырғалиева пікір білдірген еді.

Қазақстандықтар үшін аспанасты еліне виза рәсімдеу өте қиын еді. Енді біздің азаматтар үшін ол елге визасыз 30 күнге бара алады. Қазір өз кәсібін жүргізгісі келетіндер Қытайдың арзан өніміне мән береді, бұл алыс-беріс сауда 30 жылдан бері бар. Қазір Қытай экономикасы әлемдегі ең алып экономика. Шағын және орта бизнес көбі осы қытайлық өнім арқылы дамып келеді. Қытаймен визасыз режимнің енгізілуі экономикамызға, біздегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына көмектесуі әбден мүмкін. Өткен жыл қорытындысында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда рекордтық көрсеткішке жетіп, $24 млрд-тан асқан екен. Қазақстаннан Қытайға экспортта өскен. Осылай қарасақ, Қытай нарығы - қазақстандық өнімдердің тұрақты тұтынушысы. Қазақстан $1 млрд астам сомаға 135 қосымша тауар түрлері бойынша өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларын ұсынуға әзір. Бұл елге келетін қаражат болмақ, - дейді Гүлфайруз Қайырғалиева.

Өзгелердің жаңалығы