Қытаймен сенімді әріптестік визасыз режимге мүмкіндік тудырды - сарапшы

15 Мамыр 2023, 19:36
2040
Бөлісу:
Қытаймен сенімді әріптестік визасыз режимге мүмкіндік тудырды - сарапшы

Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институтының бас директоры Дүкен Мәсімханұлы Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық келісім жайлы атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған бұл жолғы сапары бұрынғы кездесуден мүлде басқа сипатта өтпек. Себебі бұл жолғы сапар барысында Қытай мен Орта Азия елдерінің басшыларының 31 жылдан кейін бас қосуы болады.

Бұл жиналыста негізінен қаралатын мәселелер өзара тату көршілікті нығайту. Аймақтық қауіпсіздікті күшейту. Сонымен қатар, барыс келісті жандандыруды қолға алмақ. 1992 жылы қаңтар айынан бастап Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық келісім орнатылды. Сол уақыттан бері, 100-ден астам бірлескен мәлімдемелер жасалды. Өзендерді ортақ пайдалану, шекаралық сауда, ауыл-шаруашылық, білім, ғылым, қорғаныс істері, мәдениет салаларында келісім жасалды. Осындай қарым-қатынастардың арқасында мәңгілік достық, сенімді әріптестік деңгейіне айналып отыр. Сондықтан бұрын атқарылған келісімшарттардың арқасында екі елдің дамығанын байқауға болады, - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, Қытай экономикасына Қазақстанның экспорт тауарлары, яғни мұнай, газ, астық өнімдері оңды ықпал етті. Ал Қытайдың біріккен кәсіпорындары мен мұнай-газ саласындағы инвестициясы Қазақстан экономикасының дамуына үлкен серпін берді.

Ал 1 айға берілетін екі елдің азаматтарының туристік визасы талқылануға, мән беруге тиісті. Біздегі бар халықтың саны 20 млн. Ал Қытайда 1,30 млрд адам бар.  Демографикалық келеңсіз жайтта, туристік виза пысықталып, талқыланып, ширатуды керек етеді. Дегенмен, визасыз режим халықты қағазбастылықтан, уақыттың ырғағына қарай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Екі елдің 30 жыл  сенімді әріптестік деңгейінің арқасында визасыз режимді қалыптастыруға мүмкіндік тудырған болар деген ойдамын, - деді Дүкен Мәсімханұлы.

Өзгелердің жаңалығы