Қытайлықтардан үйреніңіздер – дәрігер коронавирустан қорғану туралы

4 Наурыз 2020, 14:03
5856
Бөлісу:
Қытайлықтардан үйреніңіздер – дәрігер коронавирустан қорғану туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирустың алғашқы ошағы болған Қытай Халық Республикасының азаматтары елдегі дәрігерлер айтқан гигиеналық шараларды бұлжытпай орындайды. Сол себепті елдегі коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын азайып келеді. 

ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Баешева Динагүл Аяпбекқызының айтуынша, коронавирустан құтылудың бірден-бір жолы - азаматтардың саналы түрде гигиеналық талаптарды орындауы. "Карантинге жатқызамыз" дегеннен де шу шығарудың керегі жоқ. Адам мұны да тәртіпке бағынып жасау керек. Қытаймен шекаралас болса да, коронавирус тіркелмеген елдердің қатарында болу – дәрігерлеріміздің кәсібилігі. 

Осы орайда маман журналистерден ел ішінде жалған ақпарат таратпай, коронавирустың екінші кезеңінен аман-есен өтуге шақырды.

Коронавирус – біздің елде жоқ. Болмасын да. Шақырмайық та. Иә, біз Қытаймен шекарамыз бар. Біз коронавирусты аман-есен өткізіп жатқан бірінші шет елміз. Бірінші кезеңнен аман-есен өттік. Құрметті журналистер, екінші кезеңнен де аман өтейік. Халыққа дұрыс ақпарат жеткізейік. Біз басқа елдердің не істеп жатқанын қарап, сараптама жүргізіп алуға уақытымыз болды. Қытайды алып қарасақ, олардың жетекші маманы Жень Чжэнь айтты: қытайлықтар коронавирус тараған ошақтан келгеннен кейін өзі үйінен ешқайда шықпай, бөлменің ауысын тазартып, 14 күн оқшауланады. Ешкімді шақырмайды, ешкімге бармайды. Міне, басқа елден келгендер тығылудың қажеті жоқ. Қорқып, дүрлігудің керегі жоқ. Туысыңыз, не студент коронавирус тараған елден келді ме, міне, саған бөлме, айналайын, 14 күн осында бол. Тұрғындар осы процеске кіру керек. "Сіздерді ауруханаға жатқызады" деп байбалаң салуды қажеті жоқ. Бұған адам өзі түсініп келу керек. Саналы түрде орындау керек. Қорқыныш емес, саналы түрде әрекет ету керек. Коронавирус жұқтырғандардың 80% оңай өткізеді. Вирус алып келе жатқан адам бойында вирус барын білмейді. Кейде оларды тексеретін құралдар да дұрыс көрсетпейді (14 күн ішінде белгі береді – авт.). Қызуы да болмаса, оның ауру жұқтырған білу қиындайды. Ал ол адам бір баспалдақпен түсіп келе жатып ұстады, вирусын қалдырды. Мұндайда жүгіріп маска іздеудің қажеті жоқ, жай қолыңды сабынмен жақсылап жуу керек, - деді маман ОКҚ брифинг барысында.

Дәрігердің айтуынша, қазақстандықтарға саналы түрде тәртіпке бағынуды, ережелерді сақтауды қытайлықтардан үйрену керек.

Егер адам жұқтырса, қашықтық 2 метр болу керек. Мысал айтайын. Теледидардан көрген шығарсыз. Қытайда адамдар кезекте тұрса, арасында 2 метр қашықтық бар. Оңтүстік Кореяда маскаға кезекте тұрған адамдардың аралығында шақырым бар. Міне, олардың сандық көрсеткішіне қараңыз. Бұл жерде ғалым не дәрігер болудың қажеті жоқ. Жай осы жағдайды өзің ойланып, талдау керек. Өзіңді қорғау керек және қытайлықтар сияқты болу керек. Өзіңді оқшаулау, дисциплина керек. Масканың артынан жүгірудің қажеті жоқ, жай осы шараларды кешенді түрде орындау керек. Сонда бәрі жақсы болады, - деді жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Баешева Динагүл Аяпбекқызы.
Бұған дейін, ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Баешева Динагүл Аяпбекқызы коронавирустан қорғанамын деп маска іздеп әлек болудың қажеті жоқ. Бар болғаны қолды таза ұстап, жеке гигиенаны сақтау керегін айтты. Дәрігердің сөзінше, коронавирус ауа арқылы жұқпайды. 

Айта кетсек, отандық өндірушілер айына 6 миллионнан астам маска өндіреді. Яғни, күн сайын 80 200-ге жуық маска шығарады. ҚР ДСМ "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" бас директоры Нұртаев Арнурдың айтуынша, бұл өндірушілер маскаларды алдымен медициналық мекемелерге үзіліссіз жеткізіп отырады.


Өзгелердің жаңалығы