Қытайлық миллиардер Джек Ма қызметінен кетті

10 Қыркүйек 2019, 16:25
2347
Бөлісу:
Қытайлық миллиардер Джек Ма қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Alibaba компаниясының негізін қалаушы, әрі басшысы, қытайлық миллиардер Джек Ма директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлады Bloomberg агенттігі хабарлады.

Джек Маның орнына бас директор Дэниэл Чжан келді. 

Агенттіктің мәліметінше, Alibaba компаниясының негізін қалаушы алдағы уақытта да компанияның маңызды шешімдерін қабылдауда өзіндік рөл атқаратын болады.

Джек Ма (шын аты - Ма Юнь) 1964 жылы 10 қыркүйекте Шенчжоу уездінің Гулай ауданында дүниеге келді. 

Бұған дейін Джек Ма 2018 жылы 10 қыркүйекте бір жылдан кейін отставкаға кететіні туралы жариялаған. Джек Ма Alibaba-ны 1999 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында ашты және оны әлемдегі ең ірі электрондық сауда және сандық төлем компаниясына айналдырды. 

Бизнесмен Қытайдағы ең бай адамдардың бірі болып табылады. 2018 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша Forbes кәсіпкердің байлығын 35,8 млрд долларға бағалап, Қытайдың ең бай адамы деп таныды. Ал әлемдегі бай адамдардың тізімінде Джек Ма 21-орынға табан тіреген болатын.

Айта кетейік, Alibaba интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма қазақтың ұлы ақыны – Абайдың өлеңін қытайша оқып, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаны қолдаған болатын.


Өзгелердің жаңалығы