Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесуі өтті. Президентпен кездесуден кейін «Қайып ата» ЖШС бас директоры Сырым Ертаев өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсепкер қытайлық инвесторлар қымбат жабдық әкелуге, өнімін сатып алуға дайын екенін айтады.
Ет нарығын дамыту үшін шикізатты терең өңдеуді дамыту керек... Қазіргі кезде ет нарығында экологиямен байланысты үлкен проблема бар. Сойылған малдың қалдықтары тонналап жерге көміледі. Осылайш экологияға залал келтіріліп жатыр. Осы қалдықтың бәрі өндірісте қайта өңдеуге жарайды, сүйекке дейін ұнтақ дайындауға болады. Мұндай өнімге Қытайда сұраныс жоғары. Көрші елдің кәсіпкерлері мал сүйегін ұнтақтау үшін өдіріс цехын орнатуға да дайын. Алайда Қытай нарығына шығу мәселесін шешу керек. Қазіргі кезде Қтайға өңделген өнімді реси түрде АҚШ пен ИСпания ғана тасымалдай алады. Тұтастай алғанда қытайлық ивесторлар құны 1 млн доллар болатын жабдықты орнатып, өндірілген өнімді алып кетуге дайын. Бұл туралы «Қайып ата» ЖШС бас директоры Сырым Ертаев айтты.
Егер мемлекет Қытай нарығына шығуға рұқсат алуға көмектессе, онда ет пен сүйек ұнтағы ғана емес, етті де тасымалдауға болады. Бұл мәселеше шешілсе Қазақстан нарығының дамуына үлкен серпін берер еді, – деп атап өтті кәсіпкер.
Оның айтуынша, қазір елде субөнімдерді, атап айтқанда теріні қайта өңдеуге қатысты проблема бар.
Аяқ киім өндіретін кәсіпкерлер теріні Өзбекстан мен Түркиядан сатып алады, қалғанын Қазақстаннан алады. Өйткені мал сойылған соң тері қолмен сыпырылады да сапасы төмендейді. Қазіргі кезде суб өнімдерді қайта өңдеу цехін салуға дайын инвестор бар, – деді Сырым Ертаев.
Спикер атаған тағы бір проблема – зертханалар. Қытайлық инвесторлар Қазақстанда зертханалар салып, ет өнімдерін өз еліне шығаруға ниетті.
Сынақ хаттамасын аккредиттелген зертхана береді. Үлгілер алынған сәттен бастап 3-4 күн ішінде зертхана сыналады. Күн сайын ет сапасы төмендей береді. Ет сапасын сақтау мақсатында Өзбекстанға 24 сағат ішінде келуге міндетті. Қытайлық инвесторлар Қазақстанда зертханалар салып, оларды өз еліне әкетуге ниетті. Осыған байланысты зертхананы ашу мәселесін қарастырайық, – деді ол.
Кәсіпкер Қой шаруашылығын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеуді және оны 2029 жылға дейін АӨК дамытудың елдік жоспарына үйлесімді енгізуді қолдайтынын атап өтті.
Бұл құжат қаржыландырудан бастап инфрақұрылым және сыртқы нарықтарға шығуға дейінгі қой шаруашылығын қолдаудың кешенді шараларын қамтуы тиіс. Мысалы бүгінде Парсы шығанағы елдері – БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Кувейт жыл сайын шамамен 150 000 тонна қой етін импорттайды. Соның ішінде тек БАӘ жылына 50 мың тоннадан астам қой етін сатып алады. Өткізу нарықтарының салыстырмалы жақындығына және өнімнің төмен құнына байланысты Қазақстан үшін БАӘ-ге экспортты ұлғайтудың жоғары әлеуеті бар. Бүгінгі таңда қазақстандық етке шетелдегі сұраныс біз ұсынуға дайын көлемнен бірнеше есе асып түседі, – деп толықтырды Сырым Ертаев.
Бұл ретте негізгі қажеттілік қазақстандық салқындатылған қой етіне жұмсалады, оны әуе көлігімен ғана жеткізуге болады.
Алайда, салқындатылған қой етін экспорттау үшін тиісті инфрақұрылым Шымкент қаласының әуежайында ғана бар. Сондықтан өңірлерде қой өндірісі көлемін ұлғайтуды ынталандыру үшін салқындатылған етті басқа әуежайларда, бірінші кезекте Астана қаласының халықаралық әуежайында сақтау мен тасымалдаудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет, - деп атап өтті кәсіпкер.
Сонымен қатар, Кешенді жоспарды әзірлеу және қабылдау – бұл бір мәселе, екінші мәселе-оны сапалы іске асыру, деп толықтырды Сырым Ертаев.
Мұнда біз уәкілетті мемлекеттік органдар мен бизнестің өтпелі жауапкершілігін бөле отырып, инвестициялық жобалар тізілімі арқылы сапалы мониторинг жүргізу мүмкіндігін көріп отырмыз. Нәтижесінде мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі іс-шараларды орындау цифрлық серпінді және ашық форматта болады, бәсекелестік орта дамиды және мүдде теңгерімі сақталады. Ұсыныстарымызды қабылдауыңызды сұраймыз, ал бизнес өз кезегінде ішкі нарықты және сыртқы нарықтарға экспортты қамтамасыз ету үшін ет өнімдерін өндіруді ұлғайтуға дайын, – деп қорытындылады Сырым Ертаев.
Еске салсақ, Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесті.
Мұндай кездесу жыл сайын өтеді. Биыл оған туризм, агроөнеркәсіп кешені, логистика, IT, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардан 200-ге жуық кәсіпкер жиналды. Бизнес қордаланған мәселелері мен ұсынысын айтты. Сонымен қатар шараға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов Президентке Қазақстанда кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын, сонымен қатар инвестициялық жобалар, мемлекеттік сатып алулар мен офтейк-келісімшарттарды дамыту саласында Үкіметпен бірлесіп қандай жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады.